Биыл облыста 288 алаяқтық қылмысы тіркелген

234

0

Қызылорда облысында биыл 288 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген. Өңірде биыл алаяқтық қылмыстардың 529 дерегі тіркелген. Облыс аумағында аталған санаттағы қылмыстар азайған. Дегенмен интернет-алаяқтық артып кеткен.

– Алаяқтар ұялы телефонға хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады немесе өзге тәсілмен жәбірленушіні алдау арқылы атынан несие рәсімдетіп алады. Бұл қаржыны өзге адамдардың есепшоттарына аудартып алу жағдайы кездеседі. Өткен айда осындай 31 алаяқтық қылмыс жасаған күдікті қолға түсіп, тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Қызылорда облысының полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Данияр Дөңесұлы.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілер мен онлайн хабарландыру қосымшаларында қаражатты еселеп беру, тиімді шартпен сауда-саттық жасау тәсілімен қызықтыру арқылы алдау дерегі де жиі кездеседі. Алаяқтық қылмыстарының, оның ішінде интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында Қызылорда облысы полиция департаменті тарапынан арнайы жоспар құрылған.