Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткен

358

0

Қоғам қайраткері, танымал спортшы Дәулет Тұрлыхановтың әскердегі ұлы борышын өтеу орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен», – делінген хабарламада.

Ақпаратты айтылғандай, әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды.

Еске сала кетейік, биыл ақпанда Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Чернов соққыға жығылған еді.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

Кейін спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов баласының бұзақылық әрекетіне байланысты пікір білдірді.

Одан бөлек, Дәулет Тұрлыханов ұлының ісіне араласып жатпағандығын айтты.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери міндетін өтеуді жалғастыруына қатысты пікір білдірген еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<