Донор бол, өмір сыйла!

1503

0

12 маусым күні Қызыл Ай қоғамы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Донор бол!» акциясы өтеді.

Осы орайда филиал қызметкерлері қала тұрғындарын шараға белсенді қатысуға шақырады. Донор күніне орай ұйымдастырылатын шара Назарбаев, 72 мекен жайында таңертең сағат 8.30-да басталып түске дейін жалғасады.

Акцияға келушілер өздерімен бірге жеке куәлігін ала баруы тиіс. Сондай-ақ, қан тапсыруға ниет білдірушілер гепатит, туберкулез ауруларымен ауырмауы, бұрын қан құйдырмауы,  күшті дәрі-дәрмек пайдаланбауы тиіс және жүкті әйелдердің келмегені жөн. Егер ангина, тұмау, ЖРВИ мен ауырған болсаңыз онда екі аптадан соң ғана қан тапсыра аласыз. Сонымен бірге қан тапсырар алдында донор сприттік ішімдік ішіп, майлы тамақ жемеуі керек. Оның орнына жеңіл тамақтанып, қант қосылған шәй ішуге болады.

Бір тамшы қан өмір сыйлайды. Ендеше қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз!

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<