Энергетика министрлігі Қанат Бозымбаевқа қатысты жол-көлік оқиғасы туралы қауестке жауап берді

179

0

Энергетика министрлігі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек, бір радиостанция эфирінде Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жол-көлік апатына ұшырады деген жаңсақ жаңалықты таратқанын айтты.
 «Энергетика министрлігі ресми мәлімдейді: бұл жалған ақпарат. Қазіргі кезде Энергетика министрі өз жұмыс орнында өзінің тікелей функционалдық міндеттерін және ел басшылығының тапсырмаларын орындап жатыр», – деп жазды Нұрлыбек Жеңісбек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<