Газа секторында қаза тапқандар саны 32 782-ге жетті

344

0

Фото: Anadolu

Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, Израильдің Газа секторына 177 күн бойы жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 32 782-ге жетті, 75 298 адам жарақат алған. Бұл туралы Anadolu жазды.

Соңғы 24 сағатта Израиль күштерінің соққысынан Газа секторында тағы 77 палестиналықтың қаза тапқан, 108 адам жараланған.

Айта кетейік, ХАМАСтың 7 қазандағы шабуылында 1200 израильдік қаза тауып, 5132 адам жараланған еді.

7 қазаннан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан 32 782 адамның кемінде 14 280-і балалар, 9 340-ғы әйелдер.

Израиль армиясы Газа секторына шабуылдар басталған 7 қазаннан бері 598 сарбазының қаза тапқанын, оның 253-і құрлық шабуылында болғанын хабарлады.

2023 жылы 24 қарашада 4 күнге, кейін және 3 күнге ұзартылған қақтығыстағы «гуманитарлық үзіліс» кезінде 81 израильдік және 240 палестиналық тұтқын өз елдеріне қайтарылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<