Хабарландыру

358

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

Құрметті қала тұрғындары! Қадірлі жерлестер!

Өздеріңізге белгілі, «Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы өңірімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандырып, оларды әлеуметтік дүкендер мен сауда үйлеріне белгіленген бағада жеткізіп отырады.

Осы кезге дейін жұмысын жүйелі түрде жасап келген «Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы бүгінде қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсарту жұмыстарын қолға алуда. Осы орайда, корпорацияның, әлеуметтік дүкендер мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бағытындағы жұмыстарымызды дамытуға септігін тигізетін ұсыныс-пікірлеріңіз, талап-тілектеріңіз, қандай да бір мәселелеріңіз болса біз тыңдауға әзір екендігімізді жеткіземіз.

Егер де Сіз корпорациямыздың қызметкерлері тарапынан, әлеуметтік дүкендер мен бұрыштардағы сатушылар тарапынан заңға қайшы әрекеттерге тап болсаңыздар, +7013390909 (WhatsApp) телефонына қоңырау шала аласыз немесе корпорацияның ресми әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына жаза аласыз.

Facebook: Spk Baikonur

Instagram: @spk__baikonur

Telegram: https://t.me/spkbaikonur

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<