Халық шығармашылығы көрмесі және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шара

241

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

2025 жылғы 5 мамырда Достық үйінің конференц-залында облыстық татар этномәдени бірлестігінің онкүндігі аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған халық шығармашылығы көрмесі өтті.

Іс-шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Кездесуде «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов және татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Ғалия Ғизатуллина құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара қонақтары көрме экспонаттарымен танысты: татар орталығының бай кітапханасы, сәндік-қолданбалы өнердің түрлі бұйымдары, тұрмыс заттарын тамашалап, №5 мектеп-лицей ұсынған соғыс уақытындағы жәдігерлері және татар орталығының негізін қалаушы Нағима Ахмадеева туралы мәліметтер алды.

№5 мектептің 6-сынып оқушылары – «Жас Панфиловшылар» әскери жылдардағы әндермен сүйемелденетін әскери-патриоттық тақырыптағы көріністі көрсетті. Ал мектептің алғашқы әскери дайындық (НВП) пән мұғалімі Вахит Валиев көрме экспонаттарының тарихы туралы айтып, Ұлы Отан соғысының шайқас орындарындағы іздеу жұмыстарына қатысқаны слайдтар көрсетті.