Электр энергиясы бойынша көрші елдерге тәуелді болмауымыз керек – Тоқаев

348

0

Сурет ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы отандық электр энергиясы саласын жаңарту керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, Қазақстан электр энергиясымен қамтуда импортқа, көрші елдерге тәуелді болмауы тиіс. Қазір болып жатқан жағдайға барлық жағынан, ең алдымен мемлекеттің қауіпсіздігі тұрғысынан қайта қарау қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Сондай-ақ, Президент жаңартылатын энергетика жобаларын іске асыру жалғасатынын айтты.

«Гидроэлектростанциялардың дамуына ерекше назар аудару қажет. Энергиямен, жылумен және сумен жабдықтау – біртұтас технологиялық өзара байланысты жүйе. Оған экономиканың жеке маңызды саласы ретінде қарау керек. Қазіргі тәсіл ескірген. Енді жаңа шешімдер қажет», – дейді Мемлекет басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<