Кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

372

0

Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Оларға кәсіпкерлерден, қарапайым азаматтардан қорқытып ақша, мүлік тартып алу және есірткінің заңсыз айналымына байланысты бірнеше қылмыс жасады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті арнайы жедел іздестіру шараларын жүргізді.

«Нәтижесінде Қызылорда қаласында кәсіпкерлерден, қарапайым азаматтардан қорқытып ақша мен мүліктерді тартып алумен және есірткінің заңсыз айналымына байланысты бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты ҚР Қылмыстық-процестік кодексі 201-бабының талабына сәйкес жария етілмейді», – деді Қызылорда облыстық прокуратурасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада үш күнде табиғат қорғау заңнамасын бұзған 19 дерек анықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<