Келер жылдан бастап темекі бағасы қымбаттауы мүмкін

372

0

Фото: ашық дереккөзден

Келер жылдың қаңтарынан бастап темекі өнімдерінің бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің ашық талқыға шығарған бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Фильтрлі, фильтрсіз 20 сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 650 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағаcы белгіленсін.

Ең төменгі бөлшек сауда бағаларын ұлғайту «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасына сәйкес, логистикалық іркілістердің тәуекелдерін азайту мақсатында ұсынылады», – делінген құжатта.

Айта кетейік, бұған дейінгі тиісті бұйрықта келер жылдың басынан темекі бұйымдарының ең төменгі бағасы 630 теңге болатыны көрсетілген. Енді ұсынылып отырған өзгеріске сай, шекті құн 20 теңгеге қымбаттамақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<