Көкшетауда жеңіл көлік тротуарға шығып кетіп, баланы қағып кетті. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Кадрларда көліктің кенеттен басқарудан шығып, жаяу жүргіншілер аймағына кіріп кеткені көрінеді. Салдарынан көшеде жүрген бала зардап шеккен. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші газ бен тежегіш педальдарын шатастырып алуы мүмкін.
Полицияның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 19 мамыр күні тұрғын үйлердің бірінің маңында болған. Зардап шеккен қыз бала жеңіл жарақат алған. Дәрігерлер тексерісінен кейін ол үйіне жіберілген. Сондай-ақ баланың ата-анасы жүргізушіге қатысты шағым түсірмегені белгілі болды. Соған қарамастан, әйел қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылған.






