Көктемгі аяқ су жіберу жұмыстарына әзірлік жасалуда

275

0

Фото: Қала әкімдігі

Қалада санитарлық тазарту және арық жүйелерін аршу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда, деп хабарлады Syrboyi.kz.

Қазіргі таңда қала аумағында:

  • Арық жүйелерін тазалау – су өткізу арналарындағы қоқыстар алынып, су айналымы жақсартылуда;
  • Арам шөптерді жинау – көше бойындағы, қоғамдық орындардағы және тұрғын үйлердің маңындағы арам шөптер шабылып, тазартылуда;
  • Құлау қаупі бар қураған ағаштар анықталып, қауіпсіздік мақсатында арнайы кесу және реттеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстарды «Жасыл Қызылорда» КММ жүзеге асыруда. Сала мамандары қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға белсенді атсалысып келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<