Көп қабатты үйде болған өрттен 12 адам құтқарылды

413

0

Қызылордада көп қабатты үйде болған өрттен 12 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 3 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылында болды. Көп қабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттардың жануынан өрт шыққан.

«Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары барды. Олардың күшімен 12 адам (оның ішінде 3 бала) қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<