Күшті жел тұрып, жауын жауады

495

0

Күшті жел тұрып, жауын жауады Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 6 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, жауын-шашын жауады, кей уақыттарда нөсерлі жауын күтіледі. Елдің жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 
Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде 30 м/с жететіні күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде тұман, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болады.  Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 23-28 метр, күндіз кей жерлерінде 30 м/с және одан жоғары жылдамдықта болатыны болжанады.
Сондай-ақ тұман, көктайғақ күтіледі.  Қарағанды облысында 15-20 м/с екпіндегі желдің күші 25 м/с жетеді. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.  Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, күндіз басым бөлігінде желдің күші 23-28 м/с жетеді.  Қостанай, Ақтөбе облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с артады. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады.  Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде – жаяу бұрқасынмен.
 Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-23 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ бұрқасын болжанады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<