Жұма күні Күн бетінде жоғары класты қуатты жарқырау болды. Бұл – Күннің соңғы үш айда екінші рет қуатты жарқырауы. Бұл туралы ресейлік қолданбалы геофизика институтының мамандары хабар таратты, деп жазады ТАСС.
«10 мамырда Мәскеу уақыты бойынша сағат 09:54-те (Астана уақыты бойынша 11:54) рентген диапазонында 3664 (S17W34) күн дақтары тобында ұзақтығы 39 минут болатын X3,9 алауы анықталды. Оқиға қысқа толқынды радиобайланыстың үзілуімен қатар жүрді», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар 10 мамырда жеті М класты алау тіркелді. 35 минутқа созылған X6.4/3B ең күшті алау 23 ақпанда тіркелді. 6 мамырда X4,5 алауы тіркелді. Соңғы екі аптада ең жоғары X класының 10 рет қайталануы болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<