Ләйлә Сұлтанқызы Ана мен бала орталығының жұмысымен танысты

524

0

Сурет ашық дереккөзден

Тележүргізуші, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, телевизиялық продюсер, медиа-менеджер Ләйлә Сұлтанқызы Сеңгірбекова Қызылорда облысына іс-сапары барысында Облыстық перинаталдық орталығына келді.

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызы мен Облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігер Ким Олег Вячеславович келген қонаққа, орталықта атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша мағлұмат беріп, нәрестелер патологиясы бөліміндегі босанған аналардың хал-жағдайларымен таныстырды.

Ләйлә Сұлтанқызы Арал ауданында мерзімінен бұрын егіз босанған Б. Б. есімді пациентпен сұхбаттасып, егіздердің жағдайымен танысты. 29 қыркүйек күні дүниеге нәрестелердің салмағы төмен болғандықтан санавиация желісі арқылы Облыстық перинаталдық орталығының нәрестелер жансақтау бөліміне ауыстырылған болатын. Қазіргі таңда нәрестелер анасының жанында, патологиясы бөлімінде жағдайлары тұрақталуда.

Нәрестелер патологиясы бөлімін аралау барысында Ж. Н. есімді алғаш босанған жас ананың палатасына кіріп, жағдайымен танысты. Ол 28 тамыз күні мерзімінен бұрын 27-нші аптасында босанған. Дүниеге есігін ашқан кездегі нәрестесінің салмағы 940 грамм болса, қазір 1480 грамм. Ләйлә Сұлтанқызы жас анаға психологиялық қолдау көрсетіп, ізгі тілегін жеткізді.

Одан кейін босанудан кейінгі І акушерлік бөлімінде «Аңсаған сәби» бағдарламасымен экстакорпоральды ұрықтандыру арқылы босанған 35 жастағы Ш. Н. 10 қазан күні 3880 грамм қыз босанған. Сұхбаттасу барысында Н. 5 жыл күткен қызы туралы айтып, қуанышымен бөлісті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<