Құлағы сол жақ бетіне орналасқан шымкенттік бүлдіршінге Алматыда ота жасалады

379

0

Құлағы сол жақ бетіне орналасқан шымкенттік бүлдіршінге Алматыда ота жасалады Құлағы сол жақ бетіне орналасқан шымкенттік бүлдіршінге ота Алматыда жасалатын болды. Бұл туралы екі жасар Нышанбектің анасы Әйгерім Әлімбаева айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баламыз туралы БАҚ-та жазылған соң демеушілер табылды. Біраз қараттық. Жергілікті дәрігерлер де тез арада тексеруден өткізіп,  Алматыдағы «Ақсай» республикалық балалар ауруханасына кезекке қойды. Алайда біз бұл жолдама бойынша емдеуден бас тарттық. Себебі, баламды қарап жүрген дәрігер Алматыда 5-ші қалалық ауруханада білікті профессор бар екенін айтқан болатын. Біз енді портал арқылы сәуір айының 19 күні сонда ота жасатуға баратын болдық. Алматыға бір рет барып, қаралып келдік», – дейді бүлдіршіннің анасы. 

Еске салайық, бұған дейін құлағы сол жақ бетіне орналасқан бүлдіршіннің анасы  шұғыл ота жасатуға жұрттан көмек сұраған болатын. Себебі, туа біткен құлақ ауыз кемістігі бар баланың есту қабілеті нашарлай бастаған. Науқас  баласының аузын тігуден жергілікті дәрігерлер бас тартып, мүгедектікке де шығара алмаған екен. Ақ халаттылар бүлдіршін наркозды көтере алмай қалуы мүмкін екенін алға тартқан еді. 

 

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<