ІІМ құрылымдарын оңтайландыру: Шілдеден бастап кімдердің жалақысы өседі?

212

0

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомствода оңтайландыру жұмыстары қалай жүргізілетіні туралы айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Елбасының тапсырмасы негізінде ішкі істер органдарын 2019-2021 жылдары жаңғырту бойынша Жол картасы әзірленіп, іске асырылып жатыр. Алғашқы кезеңде біршама құрылым таратылды. Оның ішінде ІІМ-нің 105 бөлімшесі қысқартылып, ведомствоға қарасты он мыңдаған органдар мен бөлімшелер таратылды», – деді министр халыққа есеп беру кездесуінде.
 Ерлан Тұрғымбаевтың айтуына қарағанда, артық деп танылған басқарушылық бөлімдер қысқартылып, 1180 басшылық лауазым жойылған. «Бәсекелі ортаға 32 нысан берілді. Ол нысандардың барлығы күзет қызметіндегі мамандандырылған күзет компанияларға берілгенін атап өту керек. Осы өзгерістердің артынша 100 мың халыққа есептегенде полиция қызметкерлерінің саны 471-ден 393-ке азайды. Осы оңтайландырудан түскен қаражат патрульдік полиция қызметкерлерінің айлығын 65 пайызға, жедел қызметкерлер мен тергеушілердің айлығын 55 пайызға, учаскелік полицейлер мен ЖОО мұғалімдерінің айлығын 25 пайызға, өзге де қызметкерлердің айлығын 20 пайызға арттыруға жұмсалады», – деді ол.
 Сонымен қатар, баспана үшін өтемақы алатын қызметкерлердің тізімі ұзартылған.
«Жедел және тергеу бөлімшелерінің нарядтарымен бірге мұндай құқыққа учаске полицейлері, жасөспірімдер ісі жөніндегі испекторлар мен патрульдік полиция қызметкерлері ие болды», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<