Маңғыстауда Қызыл кітапқа енген арқарлар көбейген

274

0

Фото: kazpravda.kz

Соңғы мәліметтер бойынша, Маңғыстауда Қызыл кітапқа енген жануарлардың саны 1059-ға дейін өсті, деп хабарлайды Kazinform lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық коммуникациялар орталығының мәліметінше, соңғы үш жылда облыста арқарлардың саны 18 пайызға артқан. 2021 жылы олардың саны 861 болса, биыл 1059 басқа жетті.

Бұл жануарларлардың санағын 5-11 қазан аралығында «ПО Охотзоопром» мекемесі мен Зоология институтының қызметкерлері жүргізді. 

«Арқарлардың соңғы санағында жануарлардың өсу динамикасы оң болды. Ал оларға жойылып кету қаупі төніп тұрғанын және Қызыл кітапқа енгенін ескерсек, бұл санақтың нәтижесі қуантады. Биыл 42 жасанды бұлақ көзін ашсақ, олар қорық жануарларын суару үшін пайдаланылуда. Рейдтік іс-шаралар, соның ішінде өрт қауіпсіздігін тексеру үздіксіз жүргізіліп жатыр», – дейді «Қызылсай» өңірлік табиғи паркінің қызметкерлері.

Айта кетейік, Маңғыстауда «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қарамағында «Тасорпа», «Жабайұшқан», «Адамтас», «Манаши» мемлекеттік табиғи қорықшалары бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<