Мархабат Жайымбетов Жалағаш ауданында болды

400

0

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов Жалағаш ауданында болып, бірқатар құрылыс нысандарының жұмысымен танысты.

Алдымен Таң ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты. 30 төсектік дәрігерлік амбулаторияда 2 стационар, психолог, терапия, дәрігерге дейінгі кабинеттер, егу бөлмесі бар.

Облыс әкімінің орынбасары Жалағаш кентіндегі 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі құрылысымен танысты.

2020 жылдың шілде айында құрылысы басталған жалпы ауданы 29 мың шаршы метрді құрайтын ғимараттың қуаттылығы 250 орындықты құрайды.

Мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын сапалы етіп, бітіруді тапсырды.

Облыс әкімінің орынбасары кездесу қорытындысымен аудан көлеміндегі құрылысы жүріп жатқан барлық нысандар бойынша тапсырыс беруші облыстық басқарма басшыларына, аудан әкімдігіне, мердігер мекемелердің басшыларына құрылыстарды уақытында аяқтап, сапасына жауапкершілікпен қарауды жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<