Мбаппенің Реал Мадридтегі жалақысы белгілі болды

253

0

Фото: Stan.kz ақпарат агенттігі

Франция футболшысы Килиан Мбаппе Реал Мадридпен бес жылдық келісімшартқа отырды. Футболшының жалақысы қысқарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Реал келісімшарттың мерзімін белгіледі. 308 матчта 256 гол соғып, ПСЖ рекордшысы атанған 25 жастағы футболшы салық төленгеннен кейін жылына 15 миллион еуролық (7 миллиард теңге) бес жылдық келісімшартқа қол қойды.

Ол Реал Мадридтен 85 миллион фунт стерлингтен сәл астам (шамамен 48 миллиард теңге) сыйақы алады.

Осылайша, бес жыл ішінде Мбаппе «Реалда» 175 миллион еуро (85 миллиард теңге) табыс таба алады.

Бұған дейін Мбаппе Реал Мадридпен келісімшартқа отырғаны айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<