Мемлекет басшысы «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып жатыр

225

0

Қарағанды облысында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өтіп жатыр. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.
Жарыста 700-ге жуық өрен бақтарын сынайды. Олар еліміздің әр өңірінен іріктеліп алынған. Әскери училищеде білім алатын жеткіншектер бірнеше сайыс түрі бойынша кіл мықтыдан кім мықтыны анықтамақ. Аталған сайыс осымен 5-жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері байқаудың ауқымы жыл сайын кеңейіп жатқанын айтады. Іргедегі елдер де қызығушылық танытқан. Осы күні елімізде ұлттық әскери-патриоттық орталық жұмым істеп тұр. Оған 170 мыңнан аса өрен мүше болып үлгірген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<