Мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау алған кәсіпкерлер саны артып келеді

210

0

Фото: кәсіпкерлік басқармасы

Қызылорда облысында «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қолдау алып және өз кәсібін дамытып келе жатқан кәсіпкерлер саны күн сайын артып келеді. Солардың бірі – кәсіпкер Ақмарал Тәңірбергенова.

Ол кәсіпкерліктегі алғашқы қадамын жұбайымен бірлесе отырып, металл есіктер шығаратын цех ашудан бастаған. Тәжірибе жинап, бизнес жүргізудің қыр-сырын меңгеріп және қаражат жия келе тағы бір бағытты бағындыруды ойлай бастады. Ол – кондитерлік өнімдер шығару ісі болатын. Көп ұзамай ерлі-зайыптылар «Bal Sheker» наубайханасын қолға алды. Мұнда ұннан жасалатын тәттілердің көптеген түрі пісіріледі.

2022 жылы ол банктен несие алып, «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қорынан субсидия және кепілдік беру құралдары бойынша мемлекеттік қолдау алды. Несие қаражатын нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер шығаратын ғимарат алуға жұмсады.

Ақмарал Тәңірбергенованың мақсаты – өз кәсібін дамыта түсу, тұрақты тұтынушылар тарту, халықты қол жетімді бағадағы ерекше тәттілермен қуанту.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<