«Мен сенің ойыншығың емеспін» – Сотта Салтанат Нүкенованың ұялы телефонындағы жазбасы оқылды

449

0

Фото: ғаламтордан

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты кезекті сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Nege

Мемлекеттік айыптаушы Салтанат Нүкенованың ұялы телефонындағы жеке хаттарын және жазбаларын оқып берді. Сонымен қатар Қуандық Бишімбаевпен жазысқан Whatsapp-тағы  жеке хаттары оқылды. Хаттарды оқу барысында, Қуандық Бишімбаевтың түнде әйеліне қайта-қайта хабарласқаны анықталды. 

Сонымен қатар ұялы телефонның ішінде Нүкенованың жеке жазбалары да болған. Прокурор 2023 жылдың 20 сәуірінде жазылған жазбаны оқыды. Ол жерде Нүкенова күнделікті ұрыс-керістен шаршағанын жазады.

«Сәлем, жаным! Менің де суреттерді қарап отырып жүрегім ауырды. Мен сені сүйемін. Сенің мен үшін жасағандарыңды бағалаймын. Мен үшін тырысып жүргеніңді де көріп жүрмін. Бірақ мен ара-қатынасымызды талқылаудан, өз махаббатымды дәлелдеуден, ақталудан шаршадым. Бұл өмір емес. Мені әрдайым қыспаққа алып, бір нәрсені үнемі айта беретіндей, мен сенің ойыншығың емеспін, сенің балаң емеспін. Егер сен байқамаған болсаң айтайын, менің ақыл-есім дұрыс. 24 сағат, аптасына 7 күн маған не істеу керегін, қалай істеу керегін сенен тыңдағым келмейді. Әрбір жанжалдан кейін мен бір күн бойы өз-өзіме әрең келемін. Ал менің айналысатын шаруаларым бар. Сені күліп қарсы алуым керек. Шаршаңқы болып тұрудың Құдай бетін әрі қылсын… Махаббат пен неке бақыт алып келуі үшін сенім мен сыйластықтың негізі керек. Олай болмаса, біздің әрекетімізден не пайда? Барлығы әп-сәтте қирайды. Біз жындылар сияқты күресудің орнына бір-бірімізге тіреу болуды үйренуіміз керек. Біз ара-қатынасымыз туралы көп айтамыз, бір-бірімізді түсінгендей боламыз. Бірақ, мен күнделікті ұрыс-керістен кейін күйзелісте жүремін. Мен саған екеуміздің арамыздағы жанжалды ауыр қабылдайтынымды айттым. Осының салдарынан менің жүйкем жұқарды. Бірақ, мен сені сүйемін. Сол себепті өз-өзіммен жұмыс істеуге, сенің айтқаныңды орындауға тырысатын боламын. Өйткені маған сенің тыныштығың мен бақытты болуың маңызды», – деп жазған Нүкенова өз жазбасында. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<