Мешіт шәкірті 10 айда қари атанды

523

0

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің шәкірті Құран Кәрімді толық жаттап алды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында мешіт жанындағы діни сауат ашу курсына келген Абылайхан небәрі 10 айдың ішінде қасиетті кітапты жаттап, қари атанды.

Осы орайда, «Мүсірәлі ата» мешітінің ұйымдастыруымен өткен мәуліт кешінде Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мен аталмыш мешіттің бас имамы Айтжан Мұсаұлы және демеуші кәсіпкер Сағадат Қайратұлы жас қариды құттықтап, ұмра қажылығына жолдаманы тарту етті.

28жасында қари болған Абылайхан отбасылы, бір қызы бар. Ол – жанұясын асырау үшін дүниелік қызметін де, ақыреттік азық жинау үшін Құран жаттауды да қатар алып жүрген мешіттің қарапайым жамағаты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<