Мүмкіндігі шектулі азаматтар арасында спартакиада басталады

267

0

27-29 маусым күндері Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында облыстық спартакиада өтеді.
Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылатын жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 200-ге жуық спортшы спорттың 6 түрінен: дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, пневматикалық мылтық ату, эстафеталық жүзуден сынға түседі.
27 маусым сағат 10.30-да «Мұз айдыны» СК спартакиаданың салтанатты ашылуы өтеді.
Ашылуынан кейін үстел тенисінен жəне жүзуден сайыстар басталады.
Спартакиада нəтижесінде 14-17 қыркүйекте Ақтөбеде өтетін ҚР-ның Паралимпиадалық ойындарына облыс құрама командасы жасақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<