Назерке Нұрғали 2 дүркін əлем чемпионы атанды

226

0

Анталияда (Түркия) шахматтан өткен Əлем чемпионатында жерлесіміз Назерке Нұрғали алтын жүлдені иеленді.
15 жасқа дейінгі оқушылар арасында шеберлік байқасқан Сыр шахматшысы Назерке классика бойынша 9 турдан 8 ұпай жинап, екінші мəрте Əлем чемпионы атанды. Ол 2018 жылы Албанияда классикадан Əлем чемпионы атанған болатын.
Жақында ғана 1-10 сəуірде Шри-Ланкада өткен Азия чемпионатында рапидтен алтын, классикадан күміс жүлделерді иеленді.
№1ОРМБЖМ-де тəлім алатын Назеркенің жаттықтырушысы – Василий Шмелков.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<