Әншілер Сәкен Майғазиев пен Бағлан Әбдірайымов арыстықтарға көмек қолын созды

315

0

Эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиев пен «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов және топтың продюсері Ерғали Әбдраймов  бүгін Шымкент қаласына келді.
Өнер иелері жарылыстан зардап шеккен арыстықтармен кездесіп, орталық мешітке жайғасқан жұртпен тілдесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  
Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған қайырымдылық шарасы барысында орындаушылар қаладағы эвакуациялық пункттерде болып, абдырап қалған жұртқа қолдау көрсетті. Арыстықтарға көмек көрсету үшін ашылған қайырымдылық қорына әріптестері беріп жіберген қаржыны аударды. 
Өз кезегінде «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев осындай қиын сәтте қолдау көрсету – әр қазақстандықтың борышы екенін атап өтті.  
Әншілер  арыстық азаматтарға осылайша алғашқылардың бірі болып көмек қолын созып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<