Нұрлан Қоянбаевпен кездесті

523

0

Аудан әкімі Нұржан Ахатов Қазақстандық белгілі продюсер, тележүргізуші және актер, Шиелі ауданының тумасы, жерлесіміз Нұрлан Қоянбаевпен кездесті.

Туған ауылына арнайылап ат басын бұрған продюсер аудан басшысын жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аудан әкімі алдағы уақытта Шиелі тұрғындарының көңілін көтеріп, жастарға жағымды әсер сыйлау үшін белгілі продюсердің ықпалымен, өнер жұлдыздарының қатысуымен ауданда ауқымды көлемде мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастыру жайын атап өтті. Жерлесіміз Нұрлан Қоянбаев та өз кезегінде ризашалығын білдіріп, аудан халқының ыстық ықыласы үшін жасалатын шараға қатысты ойда жүрген ұсыныстарын айтып, жаңа идеяларымен бөлісті.

Еске сала кетейік, Республикалық арналарда түрлі танымал жобаларды жүргізген, «Қазақша кәсіп» («Бизнес по-казахски») комедиялық фильмінің бірнеше бөлімін түсіріп, Қазақстандық кинонарықта кассалық жиын бойынша рекорд орнатқан Нұрлан Қоянбаев 2021 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды. Ал биылғы жылдың сәуір айында Президент телерадиокешенінің креатив директоры болып тағайындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<