Олимпиададан жыл үздіктері марапатталды

507

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде пәндік олимпиада үздіктері марапатталды.

2022-2023 оқу жылында мектепте алғаш рет маусымдық (күздік, қыстық, көктемдік, жаздық) олимпиадалар өткізілді. Жыл бойына оқушылар пән бойынша білімдерін шыңдап, дағдыларын арттыра түсті. Тоқсандық сайыстарда жүлделі орындарды иеленіп, ерекше белсенділігімен көзге түскен 154 жас өрен арнайы І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Мектептің қамқоршылық кеңес мүшесі «Best-Service LTD» компаниясының басшысы зияткер ұрпаққа қолдау көрсетіп, жыл үздіктеріне арнайы сыйлықтар үлестірді.

– Бұл бастама шәкірттерімізге мотивация болып, оқушылар арасында пәндік олимпиадаларға деген қызығушылықтарын арттырып, республикалық деңгейдегі сайыстарда одан да жоғары нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік беретіні сөзсіз, – дейді мектеп директорының орынбасары Ербол Қайнарбаев.

Айта кету керек, биыл Назарбаев зияткерлік мектебінің табалдырығынан 75 шәкірт алтын ұямен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. Биылғы соңғы қоңыраудың үні ерекше. Себебі, осыдан 10 жыл бұрын мектеп тарихында алғашқы оқу жылы басталып, бүгінгі күнге дейін мыңға жуық түлек бітірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<