Қорғаныс министрі Ермекбаев департамент басшысын тағайындады

275

0

Данияр Әлжанов Қорғаныс министрлігіне қарасты ақпарат және коммуникация департаментін басқаратын болды. Бұл туралы министрлік басшысы Нұрлан Ермекбаев өзінің Twitter парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Ақпарат және коммуникация департаментінің басшысы болып Данияр Әлжановты тағайындадым» , – деп жазды қорғаныс министрі.

Нұрлан Ермекбаев департаменттің жаңа басшылығына ақпараттық жұмысты іске асыру мен БАҚ өкілдерімен эффективті қарым-қатынас орнату жолдарына байланысты бірқатар тапсырма бергенін жеткізді.

Бұған дейін бұл қызметте болған Серік Бұрамбаев басқа жұмысқа ауысты.

«Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсініктеме жұмыстарына елеулі үлес қосқаны мен журналистер және жастармен байланыс орнатқаны үшін Бұрамбаев С.Ж-ға алғыс білдірдім» , – деп жазды Ермекбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<