Орталық коммуникациялар қызметіне жаңа директор келді

468

0

Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Ақорданың ресми сайтында Президенттің тиісті жарлығы жарияланды.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Асқар Омаровтың Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылғанын хабарлаған болатынбыз.

Ал осы уақытқа дейін «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болған Ержан Бабақұмаров бүгін қызметінен босады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<