«Отбасының цифрлық картасы» іске қосылды

712

0

Биылдан бастап мектеп жасына дейінгі балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау жүзеге асырылады. Яғни, азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттардың орнына әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде төлем тағайындалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев хабарлады.

– Биылдан бастап әлеуметтік көмек алатын мектепке дейінгі балаларға қаржылай түрде көмек берілетін болады. Бұл бағытта 708 млн.теңгеден астам қаржы бөлінді. Сонымен қатар биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Отбасының цифрлық картасы» толықтай іске қосылды. Бүгінде облыс бойынша 784,2 мың адам немесе 220,3 мың отбасы туралы ақпарат жинақталған. Бұл деректер негізінде экономикалық, әлеуметтік, тұрғын үй жағдайлары, денсаулық пен білім туралы отбасының әл-ауқатын бағалауға және талдау жүргізуге мүмкіндік беріледі. Ал әлеуметтік мәселе туындаған жағдайда цифрлық карта СМС хабарлама арқылы жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемді жедел түрде ала алады. Жалпы былтыр атаулы әлеуметтік көмек алатын адам саны 2021 жылмен салыстырғанда 9,0 пайызға төмендеді, – деді басқарма басшысы Ғабит Жаңабаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<