Қаңтар оқиғасында қай өңірлерде адам өлімі жиі тіркелді

631

0

Фото: yandex.kz

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте қаңтар оқиғасында қаза тапқандар туралы мәліметті ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шабуылды тойтару кезінде, төтенше жағдай мен антитеррористік операция барысында 238 адам қайтыс болды. Оның ішінде 41 адам бұрын сотталған. Қаза болғандар саны туралы мәлімет дұрыс, жүргізілген тергеу аясында мұқият тексерілді», – деді Берік Асылов Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Бас прокурордың айтуынша, қаза тапқандар ішінде 67 адам шабуылдаушы болып танылды, яғни жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілер; 142 адам төтенше жағдай мен антитеррористік операция режимін бұзушылар; 4 адам басқа да қылмыстар жасау кезінде мерт болған.

Фото: ABDUAZIZ MADYAROV/AFP

«Жалпы, Алматы қаласында 151 адам қаза болды. Олардың көбі – Президент резиденциясын шабуылдау кезінде қаза тапқан. Адам өлімі тағы Қызылорда (26), Шымкент (20) және Тараз қалаларында (17) орын алды», – деді Берік Асылов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<