Қазақ қолөнер туындылары – ұлттық құндылық пен дәстүр жалғастығы

663

0

Фото: Қызылорда қаласы білім бөлімі

Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнер. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық кодын, ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Оның құндылығы орасан зор.

Осы орайда, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебінде «Қазақ қолөнер туындылары – ұлттық құндылық пен дәстүр жалғастығы» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдерінің қалалық семинары өтті.

Өнерлі балақайлар мен шығармашыл ұстаздардың әуезді әні мен күмбірлеген күйі;

Бастауыш сынып оқушыларының әсерлі хоры;

Жоспарлы шаралар

Шебер ұстаздар мен талантты шәкірттердің әзірлеген қолөнер көрмесі;

Лайфхакқа толы «Шеберлік сағаттар»;

Мектепте жүргізіліп жатқан «ІСКЕР АНА» жобасы бойынша қыз балалардың аналарымен бірлескен жұмыстары семинарға келген қонақтарға ұсынылды.

Бұл мектепте республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Таңатарова Дәрігүл мен Жусупова Ұлдана жетекшілік ететін «ІСКЕР АНА» жобасы 2022-2023 жылдан бастап қарқынды жұмыс жасап келеді. Жоба аясындағы ата-аналармен бірлескен жұмыстар өз нәтижесін беруде.

Талантты қылқалам шебері Азиз Әуезханұлы өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін туындыларының қалай жарыққа шыққанын айтып, тәжірибесімен бөлісу арқылы әріптестерінің бейнелеу өнеріне деген ерекше құрметін арттыра білді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<