Қазақстанда әлеуметтік жағынан осал санаттарға арналған жедел желі ашылды

238

0

Фото: GOV.KZ

Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау жасаудың жедел желісі туралы түсіндірді.

«Су тасқыны, эпидемия және басқа да төтенше жағдайлар кезеңінде халықтың әсіресе әлеуметтік осал топтары қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бұл тұрғыда, осы топтардың тиісті органдар мен құрылымдардан ақпарат алуына, сондай-ақ көмек пен қолдауға жедел қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жедел желінің қажет екенін түсінікті.  Осыған байланысты Омбудсменнің жедел желісінің байланыс деректерін ұсынамын. Атап айтқанда, +7 702 282 61 83 ұялы байланыс нөмірі және upolnomochennyysusn.2024@gmail.com электронды пошта арқылы ақпарат алуға болады», – деді К.Сейтжан Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 15 сәуірде су тасқынынан зардап шеккен 2300 отбасына 555 млн теңгеден астам сомаға әлеуметтік көмек жасалғаны мәлім болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<