Қазақстанда бір жылда өлім-жітім төмендеді

421

0

Фото ©РИА Новости

Қазақстанда өлім-жітімнің төмендеуі байқалады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда қайтыс болғандар саны – 101,7 мың адам, бұл былтырғымен салыстырғанда 26,1 пайызға артық. Былтырғы осы кезеңде қайтыс болғандар саны 137 мың адамға жетті, бұл одан бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 10,4 пайызға артық.

Өлім-жітімнің едәуір көрсеткіші Алматы қаласы (9,3 мың адам), Қарағанды (8,8 мың адам) және Түркістан (7,4 мың адам) облыстарында байқалған. Жаңадан құрылған Ұлытау облысында ең аз көрсеткіш (1,5 мың адам).

Биыл еліміздің барлық өңірінде өлім-жітім көрсеткішінің айтарлықтай төмендегені байқалады. Қайтыс болғандар санының төмендеуі Солтүстік Қазақстан облысында 18,7 пайыздан Шығыс Қазақстан облысында 52,5 пайызға дейін болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<