Қазақстанда картоп экспорты 18,5 пайызға өсті

512

0

Фото: ашық дереккөз

2022 жылы жалпы жиналған картоп өнімі 40 804 697,5 центнерді немесе 4,1 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 588 мың тонна өнім өндірді. Жеке кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары – 1,5 млн тонна, ал үй шаруашылықтарының үлесінде өткен жылы 1,9 млн тонна өнім болды.

Өндіріс көлемінің ұлғаюымен бірге картоп экспорты да өсті – 18,5%.

Мәселен, өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 194,8 мың тонна картоп экспортталса, 2021 жылы 164,3 мың тонна көкөніс сыртқа жіберілген.

Ал импорт өз кезегінде 51,6%-ға төмендеді. Егер 2021 жылы сырттан 97,6 мың тонна картоп әкелінсе, 2022 жылы 47,3 мың тонна өнім импортталған.

Айта кетейік, 2022 жылы шаруашылықтардың барлық санаты бойынша картоптың егістік алқабы 198,8 мың гектарды құрады.

Сурет ашық дереккөз

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<