Қазақстанда қазақ ұлтының үлесі 70,4 пайызға жетті

410

0

Фото: Kazinform

Қазақтардың үлесі 70,4% дейін өсті, деп хабарлайды Kazinform ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтардың саны — 13,4 млн.

2009 жылдан бергі өсім — 33,7% (10 млн — 2009 жылы), жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ, саны көп ұлттар қатарына орыстар — 2,9 млн, өзбектер — 614 мың, украиндар — 387 мың және ұйғырлар — 290 мың адам кірді.

Қазақстанда тағы қандай этностар тұрады?

Санақ қорытындысы бойынша еліміздегі этностар саны — 124. 

Олардың арасында ливтер, вепсілер, орочтар, долгандар, даниялықтар, удэгейлер, цахурлар, мансылар, нанайлар, моңғолдар, селькуптер, чукчалар, ульта, нивхтер, ижорлар, кеттер, коряктар, қырымшақтар, нганасандар, саамдар, чувандар бар.

Айта кетейік, 2021 жылғы сауалнамаға ұлтты «көрсетпеу» жауап нұсқасы қосылған.

Осылайша 24,8 мың адам өз ұлтын көрсетуден бас тартқан.

Сондай-ақ 2021 жылы санақ кезінде «басқа ұлт» жауабын таңдағандар 47,5 мың адамды құрады, ал 2009 жылы мұндай адамдардың 8-і болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<