Қазақстанда жаңа университет ашылады

607

0

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

2024 жылы Қазақстанда қазақ-француз университеті ашылады. Бұл жөнінде Франция президенті Эммануэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізгеннен кейін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Макрон Франция Қазақстанмен мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.

«Біз үшін қазақ мектептеріне француз тілінің қайта үйретіле бастағаны өте маңызды. Біз бұл үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Екі елдің білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге үлкен үміт артып отырмын. Мысалы, мен серіктестігіміздің жаңарғанына өте қуаныштымын және 2024 жылдың қыркүйегінен бастап француз-қазақ университеті жұмыс істей бастайды», – деді Эммануэль Макрон.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, университет Қазақстан-Германия университетіне ұқсас құрылады.

«Біз бұл мәселені зерттеу үшін жеке жұмыс тобын құрамыз, сонымен қатар Францияның мықты университеттерін тарта отырып, өңірлік университеттерде ғылыми-зерттеу бөлімшелерін ашу мүмкіндігін талқылаймыз», – деді Саясат Нұрбек

Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстанда француз мәдениеті мен француз тілін ілгерілетудің маңызын атап өтті.

«Біз өз тарапымыздан осы маңызды салада бірлесіп жұмыс істеуге бар күш-жігерімізді саламыз. Менің ойымша, қазақстандықтар үшін Франция халқы туралы, бай мәдениетіңіз туралы көбірек білу, француз тілін үйрену, әрине, маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

2023 жылғы 1 қараша күні Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<