Қазақстандағы медициналық мекемелерге қомақты сомада айыппұл салынды

141

0

Фото: Kazinform

Еліміздегі кейбір емханалар мен ауруханаларға, әскери госпитальдар мен лазареттерге 73 млн 539 мың теңгеге айыппұл салынды.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметінше, 2023 жылы медициналық мекемелерге қатысты 671 тексеру жасалды.

Тексеру барысында 104 медициналық мекемеде 6 мыңнан астам сенімсіз өлшеу құралы анықталды. Олардың арасында қан қысымын өлшейтін жабдықтар, өкпені жасанды желдету аппараттары, дифебрилляторлар, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар бар.

«Медицинадағы өлшеу құралын уақтылы салыстырып, тексерудің болмауы салдарынан қате нәтижелерді көрсетуі мүмкін. Бұл тұрғыда қате диагноз қойылуы ықтимал және адам денсаулығы мен өміріне елеулі қауіп төндіреді» – деді Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<