Қолөнер – өшпес құндылық

140

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Сөйлей білмеген, сөзді қор етер. Тіге білмеген, бөзді қор етер” деген сөз бар. Қазақ ежелден осы қолөнерге ерекше көңіл бөлген. Көздің жауын алар бұйымды қолының ебі бар адам ғана жасап шығара алады.

Бала күнгі қызығушылықпен, кәсібінен береке тауып жүрген Раушан Жүсіпова Арал қаласы, Сексеуіл кентінде тұрса да, осы бір кәсіптің көзін тауып тек Қазақстан емес, көршілес Ресейден де өз қолынан шыққан бұйымдарға сұраныс көп екенін айтады. Осы саланың өзегіне ұмтылып жүрген жан Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ұлттық құндылығымыз болып саналатын қолөнер турасында кеңінен ақпарат берді.

– Бұл қолөнерге 6 жасымнан бастап қызықтым. Ол кез қиын-қыстау заман болғаннан кейін ба, анамыз түйе жүнін тоқуды, сол арқылы нәпақа табуды үйретті. Қазақ айтады ғой, әкеге көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер деп. Жүнді иіру, түту, тоқу 6 жасар маған оңайға соққан жоқ. Сол қызығушылық мені сурет салуға да бейімдеді. Осы тірлігімді түзеп жүргенімді көріп, барлығы «қалай бәріне үлгересіз» деп айтатын. Осы қолдан келген дүниені кәсіпке айналдырдым. Аңсары ауып келген адамның бәріне қолайлы бағада беріп жіберемін. Өзімнің қызымды да осы қолөнерге баулыдым. Қазір үйдегілерге түрлі нәрселер тігіп беруде. Бір қызды тәрбиелесек, ол ұлттың үлкен мәртебесі, – деді Раушан Орынтайқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<