Қорқыт ата университетінде «Таза Қазақстан» жобасы аясында сенбілік өтті

145

0

Фото: Қорқыт ата атындағы ҚУ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында жаппай сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру болып табылады.

Сенбілікке университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және студенттері белсене қатысты. Қатысушылар оқу ғимараттарының аумағын, ботаникалық бақ, спорт алаңдарын және жатақхана маңын тазалап, жасыл желектерге күтім жасады.

Аталған шара экологиялық мәдениетті дамытуға, сондай-ақ университет аумағының тазалығын қамтамасыз етуге өз үлесін қосты.