Жаңаөзенде қыз алып қашпақ болған бес жігіт сотталып кетті

6

0

Фото: Видеодан скрин

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қызды күшпен алып қашқан бес жігітке сот үкімі шықты. Олардың әр қайсысы істеген әрекеті үшін үш жылдан бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы  Stan.kz  ақпарат агенттігі 31-арнаның  “Информбюро”  бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызды еркінен тыс некеге мәжбүрлегендердің кінәсі бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы толық дәлелденді.

Бұл жағдай былтыр желтоқсан айында болған. Түн ортасында үйіне кіріп бара жатқан қызды бейтаныс бес жігіт бас салып, алып қашпақ болған. Еңгезердей үш жігіт қызды сүйреп, көлікке кіргізбек болған. Көлік жүргізушісі де оларға есік ашып, көмектескен. 

Қыз жанұшыра айқайлап, қарсыласқан. Соңында бөгде әулеттің табалдырығаннан аттамай, қылмыскелердің үстінен арыз түсірген. Осылайша, адам ұрлау бабымен тергеу жүргізіліп, бес жігіт те үш жылға сотталды.