Қостанай облысындағы өртенген аумақ 9 400 гектарды құрады

505

0

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Аманқарағай елді мекенінде тұрғындар тұрып жатқан жерлерге өрт тарап, барлық күштер сонда жұмылдырылды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «ҚазАқпарат» тілшісіне оқиға орнында не болып жатқаны туралы айтып берді.

«Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай әсіресе Аманқарағай елді мекенінде күрделі. Онда 60 үй өртенген, қазіргі таңда оларды сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Өрт жоғары жақтан тарап, адамдар тұрып жатқан аймақты жалын шарпыған. Қазір өрт сөндіріліп жатыр. Сондай-ақ орманның өртенген жерлеріне жақын тұратын Лесное ауылында 60 үй бар. Ауылдан адамдарды көшіріп жатырмыз»,-деді министр.

Аманқарағай ауылындағы тұрғын үйлерден 1000 адам эвакуацияланды. Эвакуацияланған адамдар Әулиекөл орта мектебі мен мектеп-интернатына орналастырылып жатыр. Оларға тамақ беріледі.

Өртенген аумақтың көлемі 9 400 гектарды құрап отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<