Құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды

469

0

Нұр-Сұлтанда құрылыс алаңында жұмыс істеп жатқан 20 жастағы құрылысшы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға 28 тамыз күні сағат 10:15 шамасында Тұран даңғылы, 65 мекенжайында орналасқан «Сауран» құрылыс алаңында (бас мердігер «Абылай құрылыс» ЖШС) болған.

Оқиға жайында Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қалалық департаментінен түсініктеме берді.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті инспекторлары дереу оқиға орнына аттанды. Анықталғандай, жұмысты орындау барысында 2002 жылы туған жігіт мұнара кранының басқару кабинасынан құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды», деп хабарлады ведомстводан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<