Құрылысшылар марапат төрінде

930

0

Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Алтынбек Дәрібаев Құрылысшылар күні кәсіби мерекесіне орай аудандағы құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетті.

Алтынбек Дәрібаев құрыш қолды құрылысшыларды құттықтап, ауданның осы салада жеткен жетістіктерін атап өтті.

– Биыл құны 2 млрд 367,9 млн. теңгені құрайтын, 200 балаға арналған оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі ғимараты құрылысы, денешынықтыру және сауықтыру кешені құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ 170 гектар «Ақтерек» учаскесіндегі су жинау, су айдау кешені құрылысы, Аққұм, Мәдениет елді мекендеріндегі ауыз су желісін кеңейту құрылыстары және жеке қаражат есебінен Жалағаш кентіндегі Дәуімбай елді мекенінен жаңа мешіт құрылысы жүргізілуде, – деді.

Салтанатты шарада ауданның қарқынды дамуына үлесін қосып жүрген бірқатар құрылыс саласының ардагерлері, қызметкерлері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, облыс әкімінің, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының, аудан әкімінің құттықтау, алғыс хаттарымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<