Жол апатынан 5 адам көз жұмды

385

0

Қызылорда облысында болған жол апатынан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. Sputnik Қазақстан.сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, таңғы сағат үш кезінде «Самара – Шымкент» тасжолының 1713-ші шақырымында Toyota Camry мен Daewoo Nexia соқтығысқан.

«Жол апаты Жалағаш ауданындағы Таң ауылына жақын жерде болған. Toyota Camry-дің 26 жастағы жүргізушісі және Daewoo Nexia-ның 42 жастағы иесі оқиға орнында қайтыс болды. Nexia салонында болған тағы үш жолаушы көз жұмды», – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Қайтыс болғандардың арасында 6 және 10 жасар екі бала бар. Қайтыс болған бес адам да Ордабасы ауданының тұрғындары.

Оқиға орнына құтқарушылар, тасжолдағы медициналық-құтқару қызметі, жедел жәрдемнің екі бригадасы, аудандық полиция барды. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<