Қызылордада дүкенде жас жігітті ұрып-соққан қала тұрғыны ұсталды

399

0

Фото: Kazinform

Қызылордада дүкенде жас жігітті ұрып-соққан 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада қала тұрғынының дүкен ішінде жас жігітті ұрып-соққаны түсіп қалған. Бұл жөнінде Қызылорда қалалық полиция басқармасы төмендегіше түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігімен (бұзақылық дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол Қызылорда қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды. Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотымен оған 2 ай мерзімге «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді», – деп жазылған басқарма таратқан хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<