Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды

242

0

Қызылорда облысында тағы бір ірі есірткі алқабы жойылды.

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қызылорда облысы ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері бірлесіп, Шиелі ауданы Тұрсынбай датқа ауылынан 30 шақырым жерде қалың шеңгел арасынан ірі есірткі алқабын анықтады.

Оқиға орнында 46-51 жас аралығындағы үш күдікті ұсталды. Тексеру кезінде жедел-тергеу тобы биіктігі 10 см болатын құрамында есірткі бар өсімдіктердің 2187 түбін анықтады. Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек ұсталғандардың жеке заттарын, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: насос, палатка, мотор, шланга, күрек, кетпен тәркіледі.

Күдіктілер тамшылатып суару технологиясын қолданған. ​Үш күдікті де Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарына (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.